|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "7. Екінші деңгейдегі банктер берілген несиелерді өтеу үшін түпкілікті заемшылардан түсетін қаражаттың бір апта мерзім ішінде "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына аударылуын қамтамасыз етеді деп белгіленсін"; 7 және 8-тармақтар тиісінше 8 және 9-тармақтар болып есептелсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |