|
|
|
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 6-баптың 1-тармағы "білімі және" деген сөздерден кейін "әдетте" деген сөзбен толықтырылсын; 8-баптың 3-тармағындағы "лицензиясының мерзімі шектелмейді" деген сөздер "лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын; 34-баптың 1-тармағында: 14) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын; 17) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын; 36-баптың 1-тармағында: 12) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын; 14) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын; 13-тараудың атауындағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын; 85 және 86-баптардың атаулары мен мәтіндеріндегі "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды", "ақша сомалары мен бағалы қағаздардың" деген сөздер тиісінше "ақшаны", "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тараудың атауы, 93, 94-баптар "құжаттарды", "құжаттар" деген сөздерден кейін тиісінше "және бағалы қағаздарды", "және бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |