Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері 1-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша мына заң актілеріне өзгерістер енгізілсін: 1. 1963 жылғы 28 желтоқсанда Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССРінің Азаматтық кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен Үкіметінің Ведомостары, 1964 ж., № 2; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1973 ж., № 27; 1974 ж., № 26, 46; 1975 ж., № 11; 1977 ж., № 29; 1982 ж., № 32, 315-құжат; 1983 ж., № 41, 435-құжат; № 49, 527-құжат; 1984 ж., № 36, 447-құжат; 1985 ж., № 19, 192-құжат; № 45, 457-құжат; 1986 ж., № 25, 242-құжат; 1987ж., № 24, 314-құжат; 1988 ж., № 2, 19-құжат; 1989 ж, № 3, 17-құжат; 1990 ж., № 22, 274-құжат; № 50, 467-құжат; 1991 ж., № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 282-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 277-құжат): 454-бап мынадай редакцияда жазылсын: "454-бап. Әлеуметтік салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер төлеуге міндетті зиян келтірушінің азаматтың денсаулығы зақымданғаны және қайтыс болғаны үшін жауапкершілігі Егер қызметкер өзінің еңбектегі (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты ол үшін әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге міндетті ұйымның немесе азаматтың кінәсінен мертіксе немесе денсаулығына өзге де зақым келсе, сол ұйым немесе азамат зардап шегушіге зиянды ол алатын жәрдемақының немесе оның денсаулығы зақымданғаннан кейін оған тағайындалған және оның іс жүзінде алатын зейнетақысының сомасынан артық бөлігінде өтеуге тиіс. Зардап шегушінің зиянын өтеу сомасын төлеу медициналық-санитариялық сараптама комиссиясы оны мертігуіне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты еңбек қабілетін жоғалтты деп таныған мерзім ішінде жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|