«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Заңның мәтініндегі «Министрлер Кабинеті», «Министрлер Кабинетінің» деген сөздер тиісінше «Үкіметі», «Үкіметінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі» деген сөздер алып тасталсын; «Қазақ КСР» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын; баптың атауындағы «қабылданған» деген сөз «пайдаланылатын» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші заңды немесе жеке тұлға.»; төртінші бөліктегі «кемемен ақылы жүк тасушы» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Темір жолдардың қызметі аз учаскелері - темір жолдардың тұйықталған немесе жүк тасымалы сирек желілерінің біршама қысқа жалғау желілері. Темір жолдар учаскелерін қызметі аз учаскелерге жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау. Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|