|
|
|
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-бапта: бесінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинап, алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды мемлекетттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға;"; алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) - көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін республикалық бюджеттен зейнетақыларды төлеуге бөлінетін қаржы (ресми трансферттер) есебінен, осы Заңның шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;"; он алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес төлемшілер мен салымшылар заңдарда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақша қаражаты;"; он жетінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;"; жиырма үшінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;"; жиырма алтыншы азатжол алып тасталсын; отыз бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "зейнетақы жарналарының ставкасы - зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың міндетті зейнетақы жарнасының проценттік қатынаспен алынған мөлшері;"; 2) 4-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді зейнетақы жарнасының ставкасы бойынша зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің он проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жеке тұлғалар жүзеге асырады, бірақ ол заң актісінде белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он процентінен кем болмауы керек."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Нақты төленіп, кіріс келтірілген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларына уақтылы төленбеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті жинақтаушы қорларға кешіктірілген әр күн үшін (төленген күнін қоса алғанда) сол сомалар төленген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,2 еселенген ставкасы мөлшерінде өсім есептей отырып, өндіріліп алынуға тиіс."; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Міндетті зейнетақы жарналарының жинақтаушы зейнетақы қорларына толық және уақтылы аударылуын бақылауды салық заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады."; 3) 22-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.". 4) IV бөлімнің атауы мен мәтініндегі "Қазақстан Республикасының", "мен Мемлекеттік тергеу комитетінің", "және Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер алып тасталсын; 5) 64-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін республикалық бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай ақы төленген күннен кейін жүзеге асырылады."; 6) 65-бапта: баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі"; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Әскери қызметшілер, ішкі істер органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі."; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі."; 3-тармақтың екінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Әскери қызметшілерге және ішкі істер органдары қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.". 2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |