Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша
ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 ж. 10 ақпандағы № 55-І бұйрығымен күші жойылды
Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ережені халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ереже бекітілсін (қоса берілген). 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1997 ж. 30.06. № 500 бұйрығы күшін жойды деп танылсын. Министр Теңіз және өзен (сағалық) сауда портының капитаны туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Теңіз және өзен (саға) сауда портының капитаны - саудамен теңізде жүзуді және жүзу қауіпсіздігі мен порттағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, ережелері мен Халықаралық шарттарын сақтауда мемлекеттік бақылау өкілеттіктері мен міндеттері дербес жүктелген порт басшылығының құрылымындағы ерекше лауазымды тұлға. 2. Порт капитаны порттың құрылымдық бөлімшесі және оның шаруашылық қамтуында болып табылатын Портты мемлекеттік бақылау инспекциясын (ПМБИ) басқарады. Мемлекеттік бақылау инспекциясы өзіне мыналарды қосып алады: инспекция бөлімін, лоцмандық қызметті, кеме қозғалысын басқару қызметі (КҚБҚ), дипломдық паспорттық бюроны. Теңізде жүзу қауіпсіздігін, теңіз кемелерінің командалық және қатардағы құрамдарының тұлғаларын дипломдау, теңіз және өзен апаттарын зерттеуді бақылауға қатысты мәселелерде капитан порты мен ПМБИ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының нұсқауларын басшылыққа алады. 3. ПМБИ қызметкерлерінің штат кестесі, нысаны, жалақы жүйесі мен мөлшері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес порт бастығымен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|