|
|
|
«Республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған дәрі-дәрмектер (2006.15.03. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Халықтың денсаулығын қорғау аясында мемлекетке, ұйымдарға және азаматтарға ізгілік көмек көрсету саласындағы процестердің дамуын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша республикаға ізгілік көмек желісі бойынша әкелінетін дәрі-дәрмектердің импортына, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып, бес күн мерзім ішінде лицензиялар берсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Импорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесінде: 1-бағандағы "дәрі-дәрмектер, медициналық техника", деген сөздерден кейін "(республикаға ізгілік көмек желісі бойынша импортталған медициналық техниканы қоспағанда") деген сөздермен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |