|
|
|
"Лениногорск полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының байытылған Қазақстан Республикасының түстi металлургиясына шетел инвестицияларын тарту, онда өндiрiс қалдықтарын өңдеудiң тиiмдi экологиялық таза технологиясын пайдалану және бағалы металдар шығаруды ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Казголд" акционерлік қоғамының "Лениногорск полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының байытылған қалдықтарын өңдеу жөніндегі ұсынысы мақұлдансын. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан "Лениногорск полиметалл комбинаты" АҚ байытылған қалдықтарынан бағалы металдар өндiру туралы "Қазголд" АҚ-мен келісімге қол қоюға өкiлет берiлiп, онда мыналарды қарастырсын: - "Қазголд "АҚ-на" Лениногорск полиметалл комбинаты" АҚ байытылған қалдықтарын өңдеуге және келісімнiң қолданылатын уақытында олардан бағалы металдар өндiруге ерекше құқық беру; - тиiмдi экологиялық таза технологияны пайдалану және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген барлық заңдылық нормаларын сақтау жөніндегі "Казголд" АҚ мiндеттемесi; - көзделген мерзiмде қалдықтарды өңдеудi ұйымдастыру жөніндегі "Казголд" АҚ мiндеттемелерi орындалмаған жағдайда Қазақстан тарапының келісімдi бiржақты бұзу құқы; - Басқа да қажеттi жағдайлар. 2. Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі "Казголд" АҚ-на "Лениногорск полиметалл комбинаты" АҚ-ның байытылған қалдықтарын өңдеуге лицензия берсiн. Қазголдтың Қазақстан Республикасының кен орнын пайдаланбайтынын, кен-металлургия өндiрiсiнiң қалдықтарын өңдеудi ұйымдастыратынын ескерiп, роялти төлеу көзделмесiн. 3. Бағалы металдарды аффинирлеу Қазақстан Республикасында жүргiзiлуi тиiстiгi жағдайында республиканың аффинаж заводтарына мынадай шарттар қойылсын: - заводтың LBMA стандарттары бойынша алтын мен күмiстi тазалау туралы куәлiгi бар ("London BuIIion Mfrket Association" (LBMA) сертификаты болуы тиiс; - заводтың техникалық мүмкiншiлiгi және қоспаны тазалауға берген күнiнен бастап бес күн iшiнде тазалауды мойнына алған мiндеттемесi болу тиiс; - завод жұмысты халықаралық бәсеке бағасы бойынша орындауы тиiс. Аффинаж заводтары қоспаны тазалау жөніндегі аталған шарттарды орындамаған жағдайда "Казголд" АҚ-на Доре қорытпасын толлингтiк негiзде шетелдiк рафинациялау кәсiпорындарында аффинирлеуге құқық берiлсiн. 4. "Алтын запасы мен алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Казголд" АҚ барлық өндiрiлген бағалы металдарды Ұлттық Банктiң Мемлекеттік сақтауына алу және тiркеуi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне табыс етедi деп белгiленсiн. Мұнда сату бағасы тiкелей сатылған күнiне байланысты сауда күніндегі 99,9 процент тазалықтағы алтын мен күмiске арналған металдардың Лондон биржасындағы күндiзгi белгiленген бағасы бойынша АҚШ долларында белгiленуi тиiс. Ұлттық Банк жоғарыда аталған бағалар бойынша "Казголд" АҚ-нан бағалы металдарды алудан бас тартқан (немесе ұсыныс жасасқан күннен кейiн келесi күнi оның келісімiн алмағанда) ерекше жағдайларда "Казголд" АҚ-на өндiрген бағалы металдарды халықаралық рынокта экспорттау мен сату құқы берiлсiн. 5. Осы жобаны жүзеге асыру үшiн алған шетел кредиттерi мен займдарын өтеу кезеңiнде "Казголд" АҚ валюта түсiмiн мiндеттi түрде теңгеге конверттеуден босатылсын. 6. Жобаның шетелдiк кредит берушiлерiнiң талаптарын ескерiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне "Казголд" АҚ-на кредит берушiлердiң келiсуi бойынша шетел банкiлерiнiң бiрiнде "эскроу" оффшорлы есепшот ашу құқын беру ұсынылсын. 7. "Казголд" АҚ "Қазақ ССР-індегі шетел инвестициялары туралы" 1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған Қазақ ССР Заңының 20-бабы бойынша осындай кәсiпорындарға берiлетiн жеңiлдiктердi пайдаланатын, 1992 жылы құрылған, шетел инвестицияларымен жұмыс iстейтiн кәсiпорын ретiнде белгiленсiн. Қаржы министрлігі мен "Казголд" АҚ әзiрлеген салық келісімi мақұлдансын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне осы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан қол қою өкiлдiгi берiлсiн. Ескерту. 7-тармақтың 2-абзацының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.30. № 1114 қаулысымен. 8. "Казголд" АҚ және оның шетелдiк акционерлерi "Казголд" АҚ өндiрiстiк үй-жайларының құрылысына дейiн және Лениногорск полиметал комбинатының қызметiнен, оның iшiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зияннан туындайтын әлдебiр борышкерлiкте, мiндеттiлiкте немесе өзiне дейiн келтiрiлген залалға жауапкершiлiкте болмайды деп белгiленсiн. 9. "Казголд" АҚ-ның осы жобаны жүзеге асыру барысында туындаған және келiссөздер жолымен реттелмеген барлық дауларды Стокгольм Сауда Палатасы бекiткен Төрелiк ережелерiне сәйкес Стокгольмде, Швецияда халықаралық төрелiкте қарау туралы ұсынысы келісілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |