"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы ҚР Ішкі істер министрлігі 2005.03.03 № 146 Бұйрығымен күші жойылды Парақорлық пен қорқытып пара алушылық сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмаудың алдын алу шараларына қарамастан жол полициясы қызметкерлерінің арасында оның әлі де болса орын алуы жалғасуда. Жекелеген жол полициясы қызметкерлерінің жүйелі қалыптасып кеткен себепсіз транспорт түрлерін тоқтатуы, дөрекілік жасап өркөкіректік көрсетуі сияқты фактілер барлық жол полициясы қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілген деген пікір тудырып, арыз-шағымдар жаздырып ақпарат құралдары тарапынан келеңсіз теріс публикацияларға жол береді. Бұл іске талдау жасағанда мұндай келеңсіз оқиғалардың себептері қазіргі уақытта жол полициясындағы кадр таңдау және оларды орналастыру жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығы мен қызметкерлердің ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысын бақылау және халықпен қарым-қатынас тәртібін реттейтін бұйрықтары мен директивалық нұсқауларын орындамауы болып табылады. Жол полициясы қызметкерлері тарапынан заңдылықтың бұзылуын тудыратын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарттарын жою және өзінің қабілетіне байланысты жүктелген міндетін орындай алмайтын адамдарды жол полициясы қызметіне қабылдау фактілерін болдырмау мақсатында бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясына кадрлар таңдау, қабылдау және орналастыру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін (№ 1 қосымша). 2. Астана мен Алматы және облыстық ІІББ, ІІБ басшыларына: 2.1. Жол полициясы бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне Нұсқаулықты оқыту және кадрлар қабылдау, іріктеу мен орналастыру кезінде оның талаптарын орындау міндетті түрде қамтамасыз етілсін. 2.2. Жол қозғалысын қадағалауды және азаматтармен қатынасты белгілейтін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен директивалық нұсқауларының талаптарын жол полициясы қызметкерлері бұлжытпай орындауы жайында шара қолдану мақсатында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|