|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң құрылымы ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң құрылымы, сондай-ақ алқаның сандық құрамы - 9 адам болып бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы № 1551 қаулысы: "Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1654 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 5 мамырдағы № 786 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Кедендiк бақылау және кiрiстер департаментi Энергиялық ресурстарды бақылау жөніндегі департамент Экономикалық қауiпсiздiк және контрабандамен күрес департаментi Заң департаментi Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету департаментi Кадр басқармасы Баспасөз орталығы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |