|
|
|
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң мәртебесi жөніндегі" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы № 1059 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 2, 21-құжат) сәйкес республиканың дербес, жетекшi және iргелi жоғары оқу орны ретіндегі оның мәртебесiн ескере отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық Университетiнiң ғылыми және педагогтық әлеуетiн сақтап қалу мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1998 жылға және кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде университеттiң профессорлық-оқытушы құрамының және қызметкерлерiнiң еңбегiне жоғары оқу орындары үшiн белгiленген жалақы ставкаларына 1,75 көтерiңкi коэффициентпен ақы төлеуге қаражат көздейтiн болсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысында : 25-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi" деген сөздер алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 14, 107-құжат): аталған қаулының 2-қосымшаcында: 2-тармақ алынып тасталсын; 3 - 7-тармақтар 2 - 6-тармақтар болып есептелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |