|
|
|
Каспий теңiзiнiң қазақстан секторындағы көмiрсутегi кен орындарын Үкiметтiң 1993 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстанкаспийшельф" Консорциумы туралы Келісімде көзделген Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторының шегiндегi кешендi зерттеулердiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Қазақстанкаспийшельф" Консорциумының шетелдiк қатысушыларына өздерiнiң бiрлесiп таңдаған 12 (он екi) блок бойынша барлау және игеруге К-ҮI-11; К-ҮI-12; К-ҮII-9; К-ҮII-10; К-15-а + К-ҮI-16-а; К-ҮII-5-b + К-ҮII-6-b қосымша трапецияларды қоса К-ҮII-11а + К-YII-12а; К-ҮII-12-b + К-ҮII-16-а қосымша трапецияларды қоса К-Х-4-b + К-Х-8-а; К-ХI-5-а + К-ХI-6-а; К-ХI-1; К-ХI-2 бекітілген блок карталарына сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстан секторының шегiндегi жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берiлсiн. ҚР Үкіметінің 13.06.02 ж. № 637a қаулысымен 2-тармақ алып тасталды 2. "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамына өзiнiң таңдаған 2 (екi) блогы бойынша барлау және игеруге К-IХ-11; К-IХ-12 бекітілген блок карталарына сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстан секторының шегiндегi жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берiлсiн. ҚР Үкіметінің 13.06.02 ж. № 637a қаулысымен 3-тармақ алып тасталды 3. "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамының жер қойнауын осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген пайдалануға лицензиясы бекітілген соң, "Каспий теңiзiнде көмiрсутегi шикiзатын өндiрудi жолға қою және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 ақпандағы № 97 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 3, 37-құжат) 4-тармағының күшi жойылған деп саналсын. 4. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттік компаниясы берген 1993 жылғы 31 желтоқсандағы № 1 бас лицензия және 1995 жылғы 7 сәуірдегі МГ № 89 (мұнай) лицензия қайтып алынсын. ҚР Үкіметінің 13.06.02 ж. № 637a қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі шетелдiк қатысушыларға және "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамына осы қаулының 1-тармағына сәйкес қолданылып жүрген заңдарға орай Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуi үшiн барлау және игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға лицензиялар дайындасын. 6. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігіне, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясына қайтарусыз негiзде жоғарыда аталған барлау және игеру блоктарына байланысты деректердi жариялауға тыйым салынсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |