|
|
|
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы" 1993 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 17, 408-құжат): 14-баптың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат."; 2) 5-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: "Ұйымдар сондай-ақ Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергілікті атқарушы органдарға өздерінің қарауындағы өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп пен нысан бойынша табыс етіп отырады. Өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясында келтірілген мәліметтер тізбесі мен оларды ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы белгілейді."; 3) 11-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацындағы "және авариялық-қалпына келтіру" деген сөздер алып тасталсын. 3. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат): 14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады.". Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |