|
|
|
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарлама бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын. 3. Мыналар: 1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлар мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже; 2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрамы бекітілсін. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың әкімдері облыстық, қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңестерін құрсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған Бағдарлама 1. Негіздеме Республикада мал шаруашылығын табысты дамыту мен адамдардың науқастануын болдырмаудың маңызды шарттарының бірі жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының алдын алу және оларды жою болып табылады. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының жұқпалы ауруларының арасында туберкулез бен бруцеллез едәуір экономикалық залал келтіретін және адамдардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін болғандықтан ерекше орын алады. Осыған байланысты республикада ғылыми негізделген және экономикалық жағынан ұтымды әзірленген ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаның (бұдан әрі - Бағдарлама) негізінде туберкулез бен бруцеллезді түбірінен жоюдың қажеттілігі пайда болды. Бағдарламаны іске асыру туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын бөлуді болдырмаудың, диагностикалық зерттеулердің қайталануын қысқартудың, сондай-ақ мал дәрігерлік-санитарлық іс-шаралардың (сүтті пастеризациялау, сыртқы объектілерді залалсыздандыру және т.б.) көлемін азайтудың нәтижесінде орын алған тікелей және жанама экономикалық зияндарды қысқартуды қамтамасыз етеді. Осы Бағдарлама тұжырымдамалық құжат болып табылады және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезіне қарсы жүргізілетін іс-шаралар үшін негіз болады. 2. Мақсаты мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты - ол бірінші кезеңде туберкулезбен және бруцеллезбен ауруды және оның таралуын төмендету, ал одан кейін бұл инфекцияларды түбірінен жою, сондай-ақ жануарлар мен құстардың санын сақтау, алынатын өнімдердің өнімділігі мен сапасын арттыру және халықты туберкулез бен бруцеллезді қоздырушылармен зақымданудан қорғау. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мына міндеттерді: ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүйесін жетілдіруді; аймақтық эпизоотологияны зерделеуді, жоғарыда аталған инфекциялар диагностикасының, олардың алдын алудың және оларға қарсы күрестің әдістері мен құралдарын жетілдіруді; мал дәрігерлігі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жақсартуға, оларды қажетті лабораториялық жабдықтармен, қазіргі заманғы реактивтермен және диагностикалық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді; мал дәрігерлігі қызметін қажетті ветбиопрепараттармен және дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз етуді; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты іске асыру көзделіп отыр. 3. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп 1999-2003 жылдары 173 зардапты ошақтар пункттерінде мүйізді ірі қара малды туберкулезден және бруцеллезден сауықтыруға бағытталған ұйымдастырушылық- шаруашылық, арнаулы мал дәрігерлік, санитарлық және басқа да іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлейді. Бұл мақсат үшін: туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын жануарлар мен құстарды уақытылы анықтауды және союға өткізуді қамтамасыз ету; туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын жануарлар мен құстарды оқшаулау кезіндегі өтемақыны жергілікті бюджеттің қаражаты мен ауыл шаруашылығы сақтандыру органдарының жануарлар мен құстарды сақтандыруға арналған шартында көзделген қаражатының есебінен жүзеге асыру; бағдарламалық және балама диагностикалық тексерулерді, сондай-ақ дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы қаражатының қажетті көлемін бөлу және жануарлар мен құстар иелерінің қаражатын тарту; мал дәрігерлігі практикасына жануарлар мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің диагностикасы мен олардың алдын алудың жаңа жоғары тиімді құралдары мен әдістерін енгізу; ведомстволық және жеке кәсіпкерлік мал дәрігерлігі қызметтерінің ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын орындауына қатаң бақылау орнату; инфекциялардың берілу жолдары туралы және жануарлар мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу шаралары туралы плакаттар шығаруды қамтамасыз ету; жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуді ұйымдастыру қажет. 4. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу жөніндегі арнаулы мал дәрігерлігі іс-шаралары Мал дәрігерлігі заңдарына сәйкес арнаулы мал дәрігерлігі іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету. Сыртқы ортадағы қоздырғышты жою және инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі барлық мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың орындалуын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі осы іс-шараларды атқарушылар болып табылады. 5. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезі жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасындағы туберкулез бен бруцеллезді жою мақсатында; жүзеге асырылатын сауықтыру іс-шараларының тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру; туберкулез бер бруцеллез бойынша отандық диагностикалық, алдын алу препараттары мен дезинфекциялау құралдарын сериялық өндіруді әзірлеу мен ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мал дәрігерлігі практикасына енгізу; жыл сайын түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде алынған нәтижелер мен аймақтық эпизоотологияның ерекшеліктерін ескере отырып туберкулез бен бруцеллезге қарсы күресудің іс-шаралары мен әдістерін әзірлеу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал дәрігерлігі комитеті, Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы биокомбинаты және Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аталған тараудың атқарушылары болып табылады. 6. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастық Шектес және басқа да шетелдік мемлекеттердің мал дәрігерлігі мекемелерімен мына: ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезі проблемасына қатысты мәселелер бойынша келісімдер жасасу және халықаралық шарттарды іске асыруға қатысу; халықаралық ұйымдардың аймақта және тұтастай алғанда дүниежүзінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезі бойынша эпизоотикалық қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысына қатысу бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері жөнінде халықаралық байланыстарды дамыту көзделіп отыр. 7. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған қаржы шығындары __________________________________________________________________________ |Жылдар|Мүйізді ірі |Қойлар мен | Құстар | Жануарлардың барлық түріне | |қара мал | ешкілер | |жалпы сомасы (млн. теңге) |______|_______________|____________|__________|___________________________ | |жалпы сомасы |жалпы сомасы|жалпы сомасы| | |(млн.теңге) |(млн. теңге)|(млн. теңге)| |______|_______________|____________|____________|_________________________ |1999 | 36,12 | 9,1 | 0,8 | 46,02 |2000 | 35,0 | 8,7 | 0,6 | 44,3 |2001 | 32,0 | 6,0 | 0,7 | 38,7 |2002 | 29,0 | 5,3 | 0,5 | 34,8 |2003 | 28,4 | 3,3 | 0,8 | 32,5 |5жылға| 160,52 | 32,4 | 3,4 | 196,32 |______|_______________|____________|____________|_________________________ Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет пен заң актілерінде тиым салынбаған басқа да көздердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құстардың туберкулезінің алдын алуға арналған қаржы шығындары көрсетілген кезеңде республикалық бюджеттің есебінен, сондай-ақ келісім бойынша құстардың туберкулезі жөніндегі эпизоотикалық ахуал ескеріле отырып құс фабрикалары иелерінің есебінен жүзеге асырылады. Құс фабрикаларының иелері, облыстық мал дәрігерлігі комитеттері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік қадағалау комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған тарауды атқарушылар болып табылады. Аймақтық мал дәрігерлігі органдарының ауыл шаруашылығы құралымдарының барлық нысандарын ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын туберкулез бен бруцеллезден сауықтыруының 1999-2003 жылдарға арналған Жоспары __________________________________________________________________________ |Облыстардың |МІМ бруцеллезі мен туберкулезі(пункт) | атауы | | |_____________________________________________________ | | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |1999-2003 | |________|________|________|________|_______|_________ | |бру|туб |бру|туб |бру|туб |бру| туб|бру|туб|бру| туб |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |1.Ақмола | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 4 | 2 | 2 | 1 | - | 15| 14 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |2.Ақтөбе | 3 | 2 | 3 | 2 | 2 | - | - | - | - | - | 8 | 4 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |3. Алматы | 1 | 1 | - | - | - | - | - | - | - | - | 1 | 1 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |4. Атырау | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |5. Шығыс Қазақстан | 3 | - | 3 | - | 3 | - | 2 | - | - | - | 11| - |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |6. Жамбыл | 1 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | 1 | - |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |7. Батыс Қазақстан | 9 | 3 | 8 | - | 7 | - | 7 | - | 8 | - | 39| 3 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |8. Қарағанды | 5 | 3 | 4 | 3 | 3 | 1 | 2 | - | - | - | 14| 7 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |9. Қызылорда | 3 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | 3 | - |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |10. Қостанай | 6 | 6 | 6 | 6 | 5 | 5 | 2 | - | - | - | 19| 17 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |11. Маңғыстау | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |12. Павлодар | 2 | 4 | - | 3 | - | 1 | - | - | - | - | 2 | 8 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |13. Солтүстік | 2 | 2 | - | 2 | - | - | - | - | - | - | 2 | 4 |Қазақстан | | | | | | | | | | | | |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____ |14. Оңтүстік | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | Қазақстан | | | | | | | | | | | | ___________________________________________________________________________ |Жиыны: | 39| 25 |28 | 20 | 24| 11 | 15| 2 | 9 | - | 115| 58 |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|____|____ таблицаның жалғасы ___________________________________________________________________________ |Облыстардың |Қойлардың бруцеллезі (пункт) | атауы | | |_____________________________________________________ | | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |1999-2003 |____________________|________|________|________|________|_______|_________ |1.Ақмола | 1 | - | - | - | - | 1 |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |2.Ақтөбе | - | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |3.Алматы | - | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |4. Атырау | - | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |5. Шығыс Қазақстан | 3 | 2 | - | - | - | 5 |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |6. Жамбыл | 2 | - | - | - | - | 2 |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |7. Батыс Қазақстан | 4 | 4 | 4 | 3 | - | 15 |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |8. Қарағанды | 4 | 4 | 1 | - | - | 9 |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |9. Қызылорда | - | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |10. Қостанай | - | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |11. Маңғыстау | - | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |12. Павлодар | 1 | - | - | - | - | - |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________ |13. Солтүстік | - | - | - | - | - | - |Қазақстан | | | | | | |____________________|_______ |______ |_______ |_______ |______ |_________ |14. Оңтүстік | - | - | - | - | - | - |Қазақстан | | | | | | ___________________________________________________________________________ |Жиыны: | 15 | 10 | 5 | 3 | - | 33 |____________________|_______ |_______ |_______ |________|_______|_________ Ескертпе: Республикалық барлық құс фабрикаларының құстардың туберкулезі бойынша жағдайы жақсы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы Ереже 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңесуші орган болып табылады. 2. Кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерінен 9 адамнан тұрады. 3. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 4. Жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі Кеңес: орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мал дәрігерлігі-денсаулық сақтау ұйымдарының ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алуды және оған қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысады; жануарлар мен құстардың инфекцияларына қарсы күрестің құралдары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныс әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 5. Кеңестің белгіленген тәртіппен: министрліктерден, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардан олардың ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алуға және оған қарсы күресуге байланысты қызметін көрсететін деректер сұратуға және алуға; министрліктерге, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ведомстволарға және меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыруға ұсыным жасауға; өзінің отырысында министрліктердің, өзге де орталық жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі ақпаратын тыңдауға; министрліктерге, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволарға ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алуды және оларға қарсы күресті қамтамасыз етпеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тәртіптік жауапқа тартуға ұсыным жасауға құқығы бар. 6. Кеңестің отырысы тоқсан сайын жүргізіледі. Жұмыс жоспары Кеңестің отырысында бекітіледі. Кеңестің шешімі көпшілік ашық дауыспен қабылданады және хаттамалық шешім түрінде ресімделеді. 7. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанынан осындай функциялары бар, жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестер құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің Құрамы Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрі, төраға Кесікбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Сұлтанғали Қабденұлы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Жанай Сейітжанұлы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры Талқымбаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық Әнуар Қазиханұлы сақтау министрлігі Санитарлық- эпидемиологиялық қызмет және функционалдық қамтамасыз ету департаментінің директоры Рақышев - Қазақстан Республикасының Туберкулез Ғалымжан Боранқұлұлы проблемалары жөніндегі ұлттық орталығының туберкулез ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша) Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Мұратханұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары Тұрсынқұлов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Шахайдар министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау Жорабекұлы департаментінің директоры, төрағаның орынбасары Иванов - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің Николай Петрович эпизоотология және жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, Алматы қаласы (келісім бойынша) Керімжанова Бақытжан - Қазақ мал дәрігерлігі Фазылжанқызы ғылыми-зерттеу институты ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезін зерделеу жөніндегі лабораториясының меңгерушісі Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.09. № 1886 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.29. № 1546 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |