|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының атқарушы дирекциясы;". 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 қыркүйектегі № 1112 қаулысы; 2) "Салық қызметі органдарын әлеуметтік дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 35, 327-құжат); 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 403-31қ қаулысы; 4) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 ақпандағы № 117 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |