Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 7-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, О.Қ.Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Ғ.Темірболатов және В.Д.Шопин қатысқан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары В.Н.Весниннің және А.М.Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Н.А.Коржованың, Қазақстан Республикасы Әділет министрі Б.А.Мұхамеджановтың қатысуымен өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 7-тармағына және 28-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінімін қарады. Баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесі О.Қ.Ықсановтың баяндамасын, және құрамында 31 адам бар Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттар тобы - өтінім субъектілерінің мүдделерін қорғаған депутаттар В.Н.Весниннің және А.М.Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері Н.А.Коржованың және Б.А.Мұхамеджановтың сөйлеген сөздерін тыңдап, конституциялық өндіріс материалдарын зерделей келіп, Конституциялық Кеңес мынаны анықтады: Құрамында 31 адам бар Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттар тобы (Парламент депутаттары жалпы санының бестен бір бөлігінен астамы) 1999 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциясының мынандай нормаларына: 61-бабының 7-тармағына және 28-бабының 1-тармағына азаматтардың науқастанған жағдайда әлеуметтік қамсыздандырылуға құқығы бөлігіне ресми түсініктеме беру туралы өтінім жасады. Өтінімде 61-баптың 7-тармағына ресми түсіндірме бергенде мына мәселелерді анықтап беруге өтініш жасалған: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|