Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылғы 1 наурыздағы № 30-п бұйрығымен күші жойылды 1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларының біліктілігін арттыру курсы туралы ереже (қоса беріледі) бекітілсін. 2. Бұйрықты орындау курс директоры Б.Б. Байжуминаға жүктелсін. 3. Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің 1989 жылғы 31 қазандағы № 66 бұйрығымен бекітілген Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін көтеру жөніндегі тұрақты курс туралы ереже күшін жойған деп саналсын. Министр І. Жалпы ережелер 1. Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 қаңтарда бекіткен № 25 "A", "Б" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже негізінде құрылған. 2. Курс облыстардың, қалалар мен аудандардың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі оқу және әдістемелік жұмысты жүргізетін кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінің оқу бөлімшесі болып табылады. 3. Курстың Заң белгіленген тәртіптегі жеке балансы мен есеп шоты, банкте арнайы шоты болады, заңды тұлға құқын пайдаланады, мемлекеттік тілдегі мөрі болады, іс жүргізеді, бухгалтерлік есеп жүргізеді, негізгі және арнайы шоттар бойынша тоқсандық жарты жылдық, жылдық есептер жасайды және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есеп береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|