Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініңжанындағы Республикалық астық инспекциясын қайта
ҚР Үкіметінің 02.03.00 ж. № 342 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқындағы "Республикалық астық сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы: астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасы мен сақталуын сараптауды; белгіленген тәртіппен сертификаттар беру арқылы астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын сертификаттық сынақтан өткізуді; жаңа астық бидайының сапасын бағалау және оны ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар дайындауды жүзеге асыру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір айлық мерзім ішінде: Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін, оның басшысымен келісім-шарт жасассын және белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді жүргізсін; Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|