|
|
|
Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржылық құралдардың түрлерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, олардың айналымының және өтеудің ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық агент ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген үкіметтік борыш лимитінің шегінде мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерді айналысқа шығаруды ұйымдастырсын. 3. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерді бастапқы орналастырудан түскен ақша республикалық бюджетке түседі деп белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, олардың айналысының және өтеудің Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерді (бұдан әрі - қазынашылық міндеттеме) шығарудың, айналысының және өтеудің тәртібін айқындайды. 2. "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттеме" (МҚВМ) атауы мемлекеттік тілде "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттеме" (МҚВМ) деп аталады. 3. Қазынашылық міндеттемелер эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Эмитент) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста болады. 4. Қазынашылық міндеттемелер құжатсыз нысанда шығарылады және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі -Депозитарийі) "депо" шотында және бастапқы дилерлердің мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында өздерінің инвесторлары бойынша ашылған "депо" шотында тиісті жазбалар жүргізу жолымен орналастырылады және айналыста болады. 2. Шығару және орналастыру 5. Әрбір шығарымның Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар Ұлттық Банкі Эмитент бекіткен шығару параметрлеріне сай, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беретін ұлттық сәйкестендірілген нөмірі болады. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен. 6. Қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құны - 100 АҚШ доллары. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазынашылық міндеттемелерді орналастыруды және өтеуді жүзеге асыратын қаржылық агент (бұдан әрі - Қаржы агенті) болады. Эмитент пен Қаржы агентінің арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен, осы Ережемен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкінің арасында жасалатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру және олардың айналысы туралы келісіммен реттеледі. 8. Қазынашылық міндеттемелер аукциондық тәсілмен айқындалатын дисконтталған баға бойынша инвесторлардың арасында орналастырылады. Аукционға қатысушылардың өтінімдерін қанағаттандыру бәсекелесті емес өтінімдер ескеріле отырып, эмиссияның жарияланған көлеміне жеткенге дейін қазынашылық міндеттемелер үшін ең жоғары баға бойынша берілген ұсыныстардан басталады. 9. Қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі аукциондарды Эмитент белгілеген кесте бойынша Қаржы агенті жүргізеді. Эмитент кезекті аукцион өткізілетін күнге дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, өз кезегінде бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қазынашылық міндеттемелердің аукционын өткізудің күні мен шарттары туралы бастапқы дилерлерді хабардар ететін Қаржы агентіне, қазынашылық міндеттемелердің аукционын өткізудің күні мен шарттарын хабарлайды. Аукциондарды өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. 10. Қазынашылық міндеттемелердің әрбір эмиссиясының көлемі мен шарттарын тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының үкіметтік борышының лимиті шегінде Эмитент белгілейді. Бір аукционда жекелеген бастапқы дилердің немесе инвестордың қазынашылық міндеттемелерді сатып алуының ең көп көлемін, бәсекелесті емес өтінімдерді қанағаттандырудың процентін мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы ахуалды негізге ала отырып, әрбір аукцион үшін жеке-жеке Эмитент анықтайды. Аукциондарға резидент еместердің қатысу үлесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 11. Өткізілетін аукционның бағалық шарттары және оған қатысушылардың өтінімдерін қанағаттандырудың көлемі жөніндегі шешімді осы Ереженің 10-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес Эмитент қабылдайды. 12. Сатып алынған қазынашылық міндеттемелер үшін ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлеу күнінің алдындағы күнгі ресми бағамы бойынша теңгемен инвесторлар жүргізеді. ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. № 437 қаулысымен. 3. Қазынашылық міндеттемелердің айналысы 13. Қазынашылық міндеттемелердің айналысы бастапқы дилерлер мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу үшін Эмитенттің шотына ақшаның түскені туралы Қаржы агентінен хабарлама алған сәттен басталады, қазынашылық міндеттемелерді өтегенге дейін бес жұмыс күні қалғанда аяқталады. 14. Қазақстан Республикасының резиденті және резиденті емес заңды және жеке тұлғалар қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар болуы мүмкін. Бұл ретте, қазынашылық мiндеттемелердің аукциондарына екiншi деңгейдегі банктердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының арасынан iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынымы бойынша Эмитент айқындайтын тек бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады. Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалған қатысушылары (инвесторлар) бастапқы орналастыру аукциондарына тек бастапқы дилерлер арқылы ғана қатысады. ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен. 15. Қайталама рынокта қазынашылық міндеттемелермен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 16. Қазынашылық міндеттемелерге меншік құқығының есебі және оның ауыстырылуы қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылардың жазбаша тапсырмалары және/немесе электронды тапсырмалары негізінде сатушы мен сатып алушының "депо" шотына тиісті жазбалар енгізу жолымен Депозитарий арқылы жүзеге асырылады. Тиісті кезеңге сыйақы сомасын есептеу үшін қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады. ЕСКЕРТУ. 16-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. № 437 қаулысымен. 4. Қазынашылық міндеттемелерді өтеу 17. Эмитент, тиісінше, эмиссиялардың шарттарын жариялау кезінде Эмитент белгілеген бастапқы орналастырылуы бойынша, аукциондарда қазынашылық міндеттемелерді сатып алған инвесторлар төлем жасаған күннен кейінгі күннен бастап тоқсан бірінші, жүз сексен екінші, екі жүз жетпіс үшінші және үш жүз алпыс бесінші күнтізбелік күні бастапқы құны бойынша үш айлық, алты айлық, тоғыз айлық және он екі айлық қазынашылық міндеттемелерді өтеуді жүргізеді. ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. № 437 қаулысымен. 18. Қаржы агенті қазынашылық міндеттемелерді өтеу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Эмитентке Депозитарийдің деректері негізінде қалыптастырылатын және әрбір бастапқы дилер бойынша өтеу және төлем сомалары жүргізілетін қазынашылық міндеттемелердің саны туралы мәліметтерді қамтитын жиынтық ведомосты жолдайды. 19. Қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын өтеу Қаржы агентінің жиынтық ведомосына сәйкес бастапқы дилерлердің шотына ақша аудару жолымен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 20. Эмитенттің қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын өтеуі өтеу күнінің алдындағы күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі. 21. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес айқындалады. 22. Эмитент қазынашылық міндеттемелерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген және оларды орналастырудың дисконтталған бағасын және қазынашылық міндеттемелердің айналыста болған нақты уақыты үшін есептелген сыйақыны ескере отырып есептеп шығарылған дисконтталған баға бойынша мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Төлемдер мерзімінен бұрын өтеу күнінің алдындағы күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 7 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша), ал ол, өз кезегінде, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды. Егер қазынашылық міндеттемелердің бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Эмитент өзгеше көзделмесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі. ЕСКЕРТУ. 22-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. № 437 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |