Экономикалық саясаттың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының алдағы уақыттағы саясаты туралы бірлескен мәлімдемесіне сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (М.Қ.Әблязов), Мемлекеттік кіріс министрлігі (З.Х.Кәкімжанов) үш күндік мерзім ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына қаулыларын тоқтату туралы Үкімет қаулысының жобасын енгізсін: "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 4 ақпандағы № 83; "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 5 ақпандағы № 88 "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 5 ақпандағы № 89; 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (З.Х.Кәкімжанов), Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (М.Қ.Әблязов), Қаржы министрлігі (О.Ә.Жандосов), Ауыл шаруашылығы министрлігі (Ж.С. Кәрібжанов), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Н.А.Коржова), Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (Р.В.Солодченко), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (Н.В.Радостовец) теңгенің еркін өтімді бағамына көшу режиміне байланысты: - қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, кәсіпорындары мен экономиканың экспорттық және импортты алмастырушы секторларында жұмыс істейтін өзге де ұйымдардың тиімді қызметі, тариф саясаты мен баға құрудың тұрақтылығы үшін жағдай жасау; - экспорттық-импорттық кеден операцияларына бақылауды күшейту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|