Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкінің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкi (бұдан былай - Тұрғынқұрылысбанк) тұрғын үй саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік банк, өзiнiң есеп айырысу шоты және мөрi бар дербес заңды тұлға болып табылады. 2. М.О.Сағындықова Қазақстан Республикасы Тұрғынқұрылысбанкi Басқармасының Төрағасы - президентi болып тағайындалсын. 3. Тұрғынқұрылысбанкi басқармасының жарғысы мен құрамы № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсiн. 4. Тұрғынқұрылысбанкi жүйесіндегі лауазымдық жалақылар республикалық акционерлік банктердiң еңбекақысы ставкаларының деңгейiнде белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасы Тұрғынқұрылысбанкінің жарғылық қорын қалыптастыруға Президенттiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығында осы мақсатқа көзделген қаражаттан тыс 10 млн. теңге бөлу туралы ұсынысы қабылдансын. 6. 6-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.06.12. № 813 қаулысымен. 7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Тұрғынқұрылысбанкiн қажеттi телефон байланысымен және автоматты халықаралық телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн, көрсеткен қызметi үшiн өтемдi теңгемен алатын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қаңтардағы № 56 қаулысына № 1 қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тұрғын үй құрылысы Банкінің (Тұрғынқұрылысбанк) Жарғысы I. Жалпы ережелер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|