Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі одан арғы шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көзделген отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті банктер мен ұйымдар бойынша инвестициялық жобаларды несиелендіру лимиті белгіленсін. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" (бұдан әрі - Қор) жабық акционерлік қоғамы "Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы № 1162 қаулысының 4-тармағына сәйкес несиелік келісімдер жасассын. 2. 2-қосымшаға сәйкес 1999 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдауға бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылатын жобалардың тізбесі мақұлдансын. 3. Несиелік қаражат жобаларды қайта қаржыландыруға пайдаланылмайды деп белгіленсін. 4. "Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж. № 41, 379-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 3-тармақтың күші жойылды деп танылсын; 4-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған инвестициялық жобалардың тізбесіне сәйкес қосымша несиелік келісімдер жасасу мүмкін болмаған кезде Қордың тізбені өзгерту жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізуге құқығы бар". 5. Қор осы қаулы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялап тұруды қамтамасыз етсін. 6. Банктердің несиелік қаражаттарды мақсатты пайдалануын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|