|
|
|
"Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде: 1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Кәсіпорын таратылғаннан кейін қалған мүлікті "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын барабар көбейте отырып өткізуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат): аталған қаулының қосымшасындағы: реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын; аталған қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешеленуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен: реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысында: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |