|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383 қаулысымен 1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: ІІ тарау мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын: «18. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сақтау және өңдеу»; 2) күші жойылды 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |