Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері Қазақстан Республикасы
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 95 Бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2005.11.02. № 40 бұйрығымен Бұйрықтың барлық мәтiндерi бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу қағидасы; 2) Сайлау қорлары тiзiлiмiнiң нысаны; 3) Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттік тiркеуге берiлетiн арыз нысаны; 4) Парламент пен мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нысаны; 5) саяси партияның (сайлау блогы) сайлау қорын мемлекеттік тiркеуге берiлетiн арыз нысаны; 6) саяси партияның (сайлау блогы) сайлау қорын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нысаны бекітілсiн. ҚР Әділет министрінің 2005.11.02. № 40 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Әдiлет министрлігінiң облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Әдiлет департаменттерiне Парламент депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын және саяси партиялардың сайлау қорларын (сайлау блоктарын) мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру тапсырылсын. Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдары мәслихатқа депутаттыққа кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады. ҚР Әділет министрінің 2005.11.02. № 40 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Аумақтық әдiлет органы 1999 жылдың 25 шiлдесiне дейiн Сайлау қорларының тiзiлiмiн, сайлау қорын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк бланкiлерiн және тiркеуге берiлетiн арыздарын қажеттi мөлшерде тағайындауға тапсырыс берсiн және әзiрлесiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|