Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 601 Қаулысына сәйкес осы Келісім бекітілді Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетi, достық қатынастарды, оның ішінде кеден iсі саласындағы ынтымақтастық арқылы дамытуға тілек бiлдiре отырып, кеден қызметтерi ынтымақтастығы арқылы Тараптар арасындағы жолаушы және жүк қатынасын дамытуға және жеделдетуге ұмтыла отырып, кеден заңдарын сақтау және кедендiк құқық бұзушылыққа қарсы күрес Тараптардың кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы кезiнде анағұрлым жемісті түрде жүзеге асырылатынын ескере отырып, төмендегiлер туралы келiстi: Анықтамалар Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер қолданылатын болады: "кеден заңдары" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгі мен жүктерін, валюталық және басқа да құндылықтарды әкелудiң, әкетудiң және транзиттiк тасымалдаудың, халықаралық почталық жөнелтімдердiң, кеден баждары мен басқа да алымдарды, төлемдердi өндіріп алудың, жеңiлдiктер берудің, тыйым салулар мен шектеулерді белгілеудің, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң кеден шекаралары арқылы тауарлардың айналысына бақылау жасаудың тәртібін реттейтiн Тараптар мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы; "кеден қызметтерi" - Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдары; "кедендiк құқық бұзушылық" - кеден заңдарын бұзу немесе бұзуға әрекеттену; "тұлға" - жеке немесе заңды тұлға; "есiрткi құралдары" - кейiнгi өзгерістерi және толықтырулары бар 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенциясының тiзiмiне БҰҰ енгiзген заттар; "жүйкеге әсер ететін заттар" - кейiнгi өзгерістерi мен толықтырулары бар 1971 жылғы Жүйкеге әсер ететін заттар туралы бірыңғай конвенциясының тiзiмiне БҰҰ енгiзген заттар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|