|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік 1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 жылғы 9 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 49-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 52-баптың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын. 53-баптың 1-тармағындағы "не біліктілік сыныптары" деген сөздер алып тасталсын. 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат): 307-баптағы Ескертудің 2-тармағындағы: "сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар" деген сөздер алып тасталсын. 3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат): 2-баптың 5-тармағындағы: "сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметші қызметінің жоғары, бірінші немесе екінші санаттарына жататын қызметтерді атқаратын адамдар" деген сөздер алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |