Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі № 264 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат етiнген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді: 1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы № 11 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) 2-тармақ мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған), осы бағалы қағаздардың "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа жiберу және зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға Ұлттық комиссия Директоратының рұқсат ету шартымен, - 5%-тен көп емес;"; 2) 3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3-2. Компания шетелдiк эмитенттердiң мынадай мемлекеттік емес бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|