Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының депутаттығына ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 11.08.04 ж. № 124/158 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 27 және 28 баптарының негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын берудiң және мемлекеттік мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзудiң ұсынылып отырған Ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі және олардың аумақтық бөлiмшелерi 1999 жылғы 25 тамызға дейiнгi мерзiмге республикалық және аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тiзбесiн мемлекеттік қатысуымен жарияласын. 3. Осы қаулы облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы) әкiмдерi мен сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігіне жiберілсiн. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|