Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң мынадай ведомстволары таратылсын: 1) Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi; 2) Өсiмдiктердi қорғау комитетi; 3) Өсiмдiктер карантинi жөніндегі комитет. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған комитеттердi таратуды жүзеге асырсын. 3. Жоғарыда аталған ведомстволар таратылғаннан кейiн қалған мүлiктерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне берiледi деп айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|