Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15-сәуірдегі Келісімге
1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-II ҚР Заңымен бекітілді
Еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсімге қатысушы мемлекеттер (бұдан былай - Келісім) Келісім ережелерiн дамыту мен тереңдету, еркiн сауда аймағын қалыптастыру процесiн тездету мақсатында Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті: 1. 1-баптың 1-тармағындағы бірiнші абзацында «нақты міндеттердi шешуде» деген сөздерден кейiн «Экономикалық одақ құрудың бiрінші сатысынан» деген сөздер «еркін сауда аймағын құру» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1-баптың 1-тармағының екінші абзацы мына редакцияда баяндалсын: «кедендік баждарды, сондай-ақ баламалық әсері бар салықтар мен салымдарды және сандық шектеулердi жоюды;». 3. 1-баптың 1-тармағының бесiншi және алтыншы абзацтары бiрiктiрілсiн бiрiктірілсiн және мына редакцияда баяндалсын; өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлiк, қаржы, инвестиция, әлеуметтік салада осы Келісiмнiң мақсаттарына қол жеткізу үшiн сауда-экономикалық саясат жүргiзудегі, сондай-ақ адал бәсекенi және т.б дамытудағы ынтымақтастық». 4. 1-баптың 2-тармағы мына редакцияда баяндалсын: «2. Осы Келісім келiсушi тараптардың кедендік аумақтарында, олардың ұлттық заңдарымен белгiленгендей, қолданылады.» 5. 1-баптың 3-тармағының бiріншi абзацы «1969 жылғы халықаралық келiсім-шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының» деген сөздерден кейін «және ГАТТ/ВТО келісімдерінің» деген сөздермен толықтырылсын. 6. Келісім мына мазмұндағы 1а - жаңа баппен толықтырылсын: 1а - бап Келiсушi тараптардың Келісім ережелерiн орындау жөніндегі әрекетiн үйлестiретiн орган «Келiсушi тараптардың осы Келісімдi орындау барысын бақылауды, олардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi, осы Келісімнің мақсаттарына жету үшiн келiсу және экономикалық саясатты үйлестiрудi Экономикалық кеңестің мемлекетаралық экономикалық комитетi (бұдан былай - Комитет) жүзеге асырады». 7. 2-бап алынып тасталсын. 8. 3-баптың атауы мынаған өзгертiлсiн: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|