<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 10 қыркүйектегі № 1359 қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 10 қыркүйектегі № 1359 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысымен осы қаулының күші жойылды

Қазақстанда мұнай-газ саласын тиімді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Бекітілсін:

1) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазақойл" компаниясы) дамуының 1998-2003 жылдарға арналған орта мерзімді стратегиялық жоспары" (1 қосымшаға сәйкес)

2) "Қазақойл" ҰМК 1999-2001 жылдарға арналған индикативті жоспары" (2 Қосымшаға сәйкес)

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі Агенттігі (Құзыретті ұйым) "Қазақойл" компаниясына көмірсутекті кен орындарын игеру бойынша барлық жаңа жобаларға қатысудан 25-%-тен кем емес үлес беру мақсатындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бір ай уақыт ішінде ұсынсын.

3. "Қазақстан Республикасындағы сатып алуды өтеуге жататын займ туралы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 276 қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі