Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы № 508 қаулысымен күші жойылды Кредиттік серіктестіктер қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті ай сайын баланс пен қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті ай сайын баланс пен қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін. 3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті ай сайын баланс пен қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін. Ұлттық Банк Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|