|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008.18.04. № 365 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында білім беру сапасын басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2008.18.04. № 365 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Республикалық тест орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен» Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2008.18.04. № 365 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мыналар деп айқындалсын: білім ұйымдарында оқу процесінің сапасын талдау және бағалау; жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін кешенді тестілеу тапсырмаларын жасау және енгізу; оқу процесінің сапасын бақылайтын жаңа технологияларды, білім беру ұйымдарында оқитындардың контингентін конкурс бойынша қалыптастырудың жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу; тестілеудің теориясы мен әдістемесіне ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізу, білім берудің сапасын және оның мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтау. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорын жарғысын бекітсін, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |