"Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу үшін алым төлеудің тәртібі ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды Бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қоса берілген "Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу үшін алым төлеудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 35 Нұсқауына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Өндірістік емес төлемдер департаменті (Д.Баймұрзин): 1) аталған Нұсқауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін; 2) келісілген Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Нұсқаудың 15-тармағы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі. Министр Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 17 қараша № 1386 бұйрығымен бекітілген "Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу үшін алым төлеудің тәртібі туралы" № 35 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1. Нұсқаудың тақырыбы "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Нұсқаудың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Нұсқау Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңының, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңының, "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдеме берген қарызға алу мен қарыз туралыҚазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының негiзiнде шығарылады.". 3. I-ҮI бөлiмдер II-ҮII бөлiмдер, 1-5-тармақтар 7-11-тармақтар, 7, 8-тармақтар 17, 18-тармақтар деп есептелсiн. 4. I бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|