"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған республикалық бюджеті: 1-қосымшаға сәйкес кірістері бойынша - 291 529 747 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша 52 037 336 мың теңге, өтелімі бойынша 3 947 607 мың теңге, шығыстар бойынша - 380 870 318 мың теңге, несиелендіру бойынша - 29 034 146 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шекті мөлшері - 62 389 774 мың теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,7 проценті мөлшеріне атқаруға қабылдансын. Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733 қаулысымен. 2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабының 4-тармағына сәйкес 2000 жылға арналған жер салығының базалық ставкаға коэффициенті 1,81 мөлшерінде белгіленсін. 3. 2000 жылы "Өнімдерді бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын өнімдерді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінен өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес республикалық бюджетке - 90 %, жергілікті бюджетке - 10 % есепке алынатын Батыс Қазақстан облысынан басқа, республикалық бюджетке 100 % мөлшерінде есепке алынады деп белгіленсін. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733 қаулысымен. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып "Байқоңыр" кешені объектілерін пайдаланғаны үшін жалгерлік ақының республикалық бюджетке түсуін қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|