Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы қылмыстық Шарт 2000 ж. 17 мамырдағы № 49-II ҚР Заңына сәйкес бекітілді Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы, екi мемлекет арасындағы қалыптасқан дәстүрлi достық байланыстарды басшылыққа ала отырып, қылмыстық iстер бойынша кең ауқымда өзара құқықтық көмек көрсету қажеттілігiн тани отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты: Құқықтық көмек көрсету ауқымы 1. Осы Шарт бойынша Тараптар қылмыстық iстер бойынша бiр-бiрiне кең ауқымда өзара құқықтық көмек көрсететiн болады. 2. Өзара құқықтық көмек: 1) қылмыстық жолмен табылған құндылықтарды, сондай-ақ қылмыстық құралдарды анықтау, тыйым салу және тәркiлеу жөніндегі iс-шараларды; 2) жеке тұлғалардың атынан айғақтарды жинақтау және олардың арыздарын қабылдауды; 3) тергеу және сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларын қоса алғанда, ақпараттар мен құжаттарды табыс етудi; 4) сәйкестендiрудi қоса алғанда, адамдар мен заттарды табуды; 5) iске қатысты материалдар мен заттарды анықтауды және алып қоюды; 6) заттай айғақтарды уақытша берудi қоса алғанда, мүлiктi табыс етудi; 7) қамауда отырған адамдарды уақытша берудi және басқа да адамдардың жауап беруi тергеу жүргiзуде немесе көмек көрсетуi үшiн келуiн қамтамасыз етудi; 8) шақыру қағаздарын қоса алғанда құжаттарды табыс етудi; 9) сұрау салынып отырған Тараптың заңдарына қайшы келмейтiн, осы Шарттың мақсаттарына сәйкес басқа да құқықтық көмектi қамтиды. 3. Осы Шарттың мақсатында қандай органнан, соттан немесе өзге де мекемеден сұралып отырғанына қарамастан өзара құқықтық көмек көрсетiледi. 4. Осы Шарт өздерi қатысушылар болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан және келісімдерден туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|