Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру операциялары Қазақстан Республикасының 2002 ж. 3 маусымдағы № 209 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Сақтандыру қызметiн қадағалауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді: 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру операциялары және сақтандыру резервтерi жөнiнде мәлiметтер беру тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекітілсiн және 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгізiлсiн. 2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары 2000 жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәлiметтер берсiн. 3. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.): 1) 1999 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде бағдарламалық қамтамасыз етудi дайындап, файлдар беру құрылымын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына хабарласын; 2) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарынан осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес мәлiметтер алғаннан кейiн оларды Сақтандыруды қадағалау департаментiне берсiн. 4. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру операциялары және сақтандыру резервтерi жөнiнде мәлiметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|