|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда бірінші вице-министрі Әбітаев Есберген Әбітайұлы енгізілсін; Сәуле Мүсінқызы Жолдыбаева аталған құрамнан шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |