Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі
Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю, олардың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) екі жақты және көп жақты мемлекетаралық қатынастар нысандарында визалық режимді ретке келтірсін; 2) қару-жарақты, оқ-дәрілерді және әскери техниканы сақтауға, пайдалануға және әкелу мен әкетуге бақылауды күшейтсін; 3) туристік және өзге де миграциялық ағындарды мемлекеттік реттеу мен бақылау жөніндегі шаралар жүйесін әзірлесін; 4) терроризмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылу туралы, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық, осы салада оң тәжірибесі бар елдермен тәжірибе алмасу және мамандар даярлау туралы халықаралық шарттар жасасу туралы мәселені қарайтын болсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі: 1) діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізсін; 2) елде таратылатын әдебиетке дінтанымдық сараптама жасауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып халықаралық әуе, темір жол, теңіз, өзен және автомобиль қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлесін. 4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан аумағында болу тәртібін сақтауына қатаң бақылауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын халықаралық алмасулар ісіне сараптама жүргізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|