|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., № 34, 298-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады"; 9-тармақ алынып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Комиссияның жеке құрамын Комиссияның жұмыс органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді"; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктеледі"; 13-тармақтағы "мен хатшысы" деген сөздер алынып тасталсын; 15-тармақтағы "хатшысы" деген сөз "жұмыс органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақ алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 252 қаулысына қосымша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға Тілеубердин - Қазақстан Республикасы Табиғи Алтай Абылайұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) Котлов - Қазақстан Республикасының Андрей Николаевич Әділет вице-министрі Қанешев - Қазақстан Республикасының Біржан Бисекеұлы Көлік және коммуникациялар вице-министрі Коржова - Қазақстан Республикасының Наталья Артемовна Қаржы вице-министрі Сиврюкова - Қазақстан Республикасының Валентина Андреевна Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Бектас Ғафурұлы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің президенті Қадамбаев - Қазақстан Республикасы Тоқтарбай Мемлекеттік сатып алулар Қадамбайұлы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Елшібеков - Қазақстан Республикасының Серікбек Кеңесбекұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі Әкімшіліктендіру департаментінің директоры Марзилович - Қазақстан Республикасының Ольга Алексеевна Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Өңдеу өнеркәсібі және импортты алмастыру департаментінің директоры Сағынтаев - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" Бақытжан Әбдірұлы ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Нәубетова - Қазақстан Республикасының Рашида Аронқызы Министрінің - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының кеңесшісі Төлебаев - Қостанай облысының "Шағын бизнес Серік Шәмілұлы орталығы" ЖАҚ-ның директоры (келісім бойынша) Абт - Қарағанды облысы кәсіпкерлері Николай Викторович ассоциациясының президенті (келісім бойынша) Казанцев - Астана қаласы кәсіпкерлердің Павел Олегович құқықтарын қорғау жөніндегі ассоциациясының президенті (келісім бойынша) Кононова - Ақмола облысы Сауда-өнеркәсіптік Татьяна Ильинична палатасының төрайымы, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасы Төралқасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Сатабаева - Павлодар облысы Сауда-өнеркәсіптік Райхангүл палатасының төрайымы (келісім Қайырбайқызы бойынша) Оқаев Ермек Қабиұлы - Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)".
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |