Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы (2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Заңымен 05.07.00 ж. № 64-ІІ Заңымен бекітілді
2010 ж. 3 қыркүйектегі Хаттамамен «жергілікті өкімет органдары» деген ұғым Конвенцияның бүкіл мәтінінде «орталық немесе жергілікті билік органдары» деген ұғымға ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Швейцария Федералдық Кеңесi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жасасуға Ниет білдіріп мыналар туралы келісті: Конвенция қолданылатын тұлғалар Осы Конвенция бiр немесе екi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады. 2010 ж. 3 қыркүйектегі Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап Конвенция қолданылатын салықтар 1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшелерi немесе орталық немесе жергілікті билік органдары атынан табыс пен капиталға салынатын салықтарға, оларды өндiрiп алу тәсiлдерiне тәуелсiз қолданылады. 2. Жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi бөлуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорын төлейтiн жалақылардың жалпы сомасынан немесе ырыздықақыдан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табыс пен капиталға салынатын салықтар болып саналады. 3. Конвенция қолданылатын, қолданылып жүрген салықтар атап айтқанда мыналар: а) Қазақстан Республикасында: (і) заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық; (іi) заңды және жеке тұлғалардың мүлiктерiне салынатын салық; (бұдан әрi - «Қазақстан салығы» деп аталады); b) Швейцарияда: (i) табысқа (жалпы табысқа, еңбек табысына, капиталдан алынатын табысқа, өнеркәсiптiк және коммерциялық қызметтен алынатын табысқа, мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табысқа және табыстың басқа да түрлерiне) салынатын; және Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|