Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Yкіметі Келісім 2003 ж. 15 қарашадағы № 496-ІІ ҚР Заңына сәйкес бекітілді Төменде Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі, олардың мемлекеттерi арасындағы қару-жарақты бақылау жөніндегі және қауiпсiздiктi нығайту жөніндегі келісімдердi жүзеге асыруды қолдау тiлегiн мақұлдай отырып, тараптар жүзеге асыратын, қару-жарақты бақылау жөніндегі шарттарға сәйкес талап етiлетiн хабарламалар беруге қатысты барлық мiндеттемелердi орындау дүние жүзiнде бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi нығайту мүддесiне сай келедi деп ұйғара отырып, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Ядролық қауiптi азайту жөніндегі орталықтар құру туралы 1987 жылғы 15 қыркүйектегi келісімдi қолдануды қазiргi заман талаптарына сәйкес келтiруге ұмтыла отырып, төменде СШҚ-I туралы шарт деп аталатын, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы 1991 жылғы 31 шiлдедегi шарт бойынша, төменде ОЖҚР туралы шарт деп аталатын, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Орта және кiшi қашықтықтағы олардың ракеталарын жою туралы 1987 жылғы 8 желтоқсандағы шарт бойынша және Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы 1992 жылғы 20 мамырдағы шарттың Лиссабон хаттамасындағы өз мiндеттемелерiн қайтадан мақұлдай отырып, төмендегілер туралы келiстi: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|