|
|
|
Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiнде ведомствоаралық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 793 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мемлекеттік басқару органдарының, байланыс кәсiпорындарының, көлiктiң, энергетиканың, теледидардың және қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнiң өзге де құрамдас бөлiктерiнiң жұмысын үйлестiру үшiн қажеттi уақыт пен жиiлiктi ұлттық эталонын белгiлеу мақсатында мына құрамда Ведомствоаралық комиссия құрылсын: Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi, төраға Пiрiмқұлов Керiм Пiрiмқұлұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң төрағасы, төраға орынбасары Омарханов Ғабит Ғалымбекұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Еңбек және жұмыспен қамту департаментінің директоры Сағын Халел Әлжанұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Халыққа медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оның сапасын бақылау департаментiнiң директоры Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы Сәдуақасова Эльдана Макинқызы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң төрайымы Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының Есiркеп Оңланбекұлы Экономика және сауда министрлігі Салааралық үйлестiру департаментiнiң директоры Байдәулетов Нұржан Қазақстан Республикасының Көлiк Тәлiпұлы және коммуникациялар министрлігі Темiржол көлiгі департаментiнiң директоры Калюжный Вячеслав Қазақстан Республикасының Әдiлет Афанасьевич министрлiгі Халықаралық құқық және хаттама департаментiнің директоры Орынбеков Мүбәрак Қазақстан Республикасы Қарулы Орынбекұлы Күштерiнiң Бас штабы Байланыс департаментiнiң бастығы, генерал- майор Блиев Назарбай Қазақстан Республикасының Ұлттық Қадырұлы Ғылым академиясы Физика- математика ғылымдары бөлiмшесiнiң академик-хатшысы, физика- математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi Тәшенов Болат В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика Төлешұлы институтының директоры, физика- математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.07. № 1208 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.10. № 1434 қаулысымен. 2. Ведомствоаралық комиссия 2000 жылдың 1 қазаны мерзiмiне, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзудiң ережесін қоса алғанда, уақыт пен жиiлiктiң ұлттық эталонын, сағат белдеулерiнiң шекарасын белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгізсiн. 3. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгiленсiн. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.10. № 1434 қаулысымен. 4. Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.10. № 1434 қаулысымен. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |