Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 Қаулысымен күші жойылды
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1065 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) қосымшаға сәйкес білім беру мемлекеттік ұйымдарының санын Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепілдендiрiлген мемлекеттік нормативiне жеткiзудi; 2) экономикалық орындылығына және жалпы білім беретiн оқу орындары жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісімiне сүйене отырып мектеп-интернаттардан, мектептiң жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретiн мектептерге күнделiктi тегiн тасу жолымен азаматтардың тегiн орта білім алуын қамтамасыз етсiн. 3. "Мемлекеттік білім мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртібі туралы үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 маусымдағы № 637 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 25, 272-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысымен бекітілген Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi 1. Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың тегін орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында белгіленді. 2. Әрбір ауылдық елді мекенде: 1) төменгі мектеп жасындағы оқушылардың саны 5 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш сатысының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|