Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндiстан Республикасының Келісім Қазақстан Республикасының 13.11.00 ж. № 104-II Заңымен бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндiстан Республикасының Yкіметі, екi мемлекет арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрi нығайтуға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келiстi: 1. Жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары келген сәтiнен бастап 30 (отыз) күнге дейiнгi мерзiммен визасыз екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады. Ерекше жағдайларда азамат тиесілі Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдығының жазбаша өтiнiшi бойынша екiншi Тарап сұрау салынған визаны бере алады. 2. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын кезiнде осы Тарап мемлекетiнiң қолданылып жүрген заңдарын, оның iшiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн белгiленген тiркелу, болу және жүрiп-тұру ережелерiн сақтауға мiндеттi. 1. Екiншi Тараптың аумағында орналасқан кез келген Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдығының мүшелерiне, егер олар осы Тараптың азаматтары болып табылатын болса және жарамды дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар болса, мүдделi дипломатиялық өкiлдіктiң немесе консулдықтың жазбаша өтiнiшi бойынша оның iссапары мерзiмiне жарамды тұрақты тұруына арналған виза берiледi. 2. Екіншi Тараптың аумағында орналасқан халықаралық ұйымдарда өз елiнiң өкiлдерi болып табылатын және дипломаттық, сондай-ақ қызметтiк паспорттары бар Тараптардың бiрiнiң азаматтары осы Баптың 1-тармағында айтылатын құқықтарды пайдаланатын болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|