|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Iшкi рынокта отандық тауар өндiрушілердi қолдау және бәсекелестiк ортаны құру мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "0511 10 000 Бұқаның ұрығы 5" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "0511 91 100 Балық қалдықтары 5 0511 99 800 басқа жерде аталмаған, малдан алынған өзге де өнiмдер 5"; "1806 31 000; Какаосы бар, iшiне салынған, салынбаған брикет, 1 кг-на 0,6 1806 32 табақша немесе плитка, басқа да тамақ өнімдері ЕВРО" деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "1806 31 000; Какаосы бар, iшіне салынған, салынбаған брикет, 1806 32 табақша немесе плитка, басқа да тамақ өнімдері 25"; "1806 90 Өзге де шоколадтар мен шоколад өнімдері 1 кг үшін 0,6 ЕВРО" деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "1806 90 Өзге де шоколадтар мен шоколад өнімдері 25"; "2103 90 300 Хош иісті ащылар, (44,2-49,2 жалпы % спирт пен 1 литр кесек немесе басқа бөліктер түріндегі 1,5-6 % үшін ащыдан тұратын және 4-10 % қант бар 0,5 л немесе одан кем ыдыста) 1 литр үшін 2 ЕВРО деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "2103 90 300 Хош иiсті ащылар, (44,2-49,2 жалпы % спирт пен кесек немесе басқа бөлiктер түрiндегi 1,5-6% ащыдан тұратын және 4-10% қант бар 0,5 л немесе одан кем ыдыста) бажсыз"; "3209 Синтетикалық полимерлердiң немесе химиялық жетiлдiрiлген табиғи полимерлердiң негiзiндегi, суда шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмаль мен политураны қоса алғанда) бажсыз" деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "3209 Синтетикалық полимерлердің немесе химиялық жетiлдiрiлген табиғи полимерлердiң негiзiндегi, суда шашыратылған немесе ерiтiлген басқа да бояулар мен лактар (эмаль және политураны қоса алғанда) 15"; "4015 11 000 Хирургиялық қолғаптар бажсыз" деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "4015 11 000 Хирургиялық қолғаптар 10"; "69 КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР бажсыз" деген жолдан кейiн: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "6908 Төсеуге, әрлеуге арналған тақталар, қаптайтын тақташалар, едендерге, пештерге немесе қабырғаларға арналған керамикалық жылтырату; мозайкалық жұмыстарға арналған керамикалық жылтыратылған кубиктер мен соған ұқсас бекiтілген және бекітілмеген бұйымдар басқа:" 10; "7102 31 000 Табиғи өңделмеген өнеркәсiптiк емес алмаздар бажсыз" деген жолдан кейiн: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "7105 10 000-ден Жасанды алмаздардан жасалған қиқым және ұнтақ* бажсыз"; "81 ӨЗГЕ ДЕ БАҒАЛЫ ЕМЕС МЕТАЛДАР; МЕТАЛДЫ КЕРАМИКА; ОЛАРДАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР 15 басқа:" деген жолдардан кейiн: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "8105 10 100 Кобальтты штейн және кобальт металлургиясының өзге де аралық өнiмдерi; өңделмеген кобальт, ұнтақтар бажсыз"; "8507 10 Поршеньдi двигательдердi iске қосу үшiн 15, бірақ 1 пайдаланылатын қорғасын аккумуляторлар данасы үшiн 3,3 ЕВРО"- дан кем емес деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "8507 10 Поршеньдi двигательдердi іске қосу үшiн 15, бірақ 1 пайдаланылатын қорғасын аккумуляторлар данасы үшін 5 ЕВРО-дан кем емес"; 8507 90 910 Аккумуляторларға арналған пластиналар 10"; басқа: "9003 19 100 Бағалы металдан немесе жұқартылған бағалы металдан жасалған оправалар мен арматура 35" деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "9003 19 100 Бағалы металдан немесе жұқартылған бағалы металдан жасалған оправалар мен арматура 20"; "9027 Физикалық немесе химиялық талдауларға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ және түтiн талдағыштар); жабысқақтығын, кеуектiлiгін, кеңейтiлуін, бетінiң созылуын немесе осындайларды өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратуралар; дененiң санын, дыбысты немесе жарықты өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппараттар (экспонометрлердi қоса алғанда); микротомдар; 10" деген жолдан кейін: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "9027 50 000 Оптикалық сәулелендiру әсерiне негiзделген приборлар және аппаратура (ультракүлгін, спектрдің көрінетін бөлігі, инфрақызыл), өзгелерi 5 басқа:" "9027 80 150 Жартылай өткiзгiш материалдардың немесе жартылай өткiзгiш пластиналар дайындау процесінде өткiзбейтін немесе өткiзгiш қабаттардың физикалық қасиеттерін өлшеуге 5"; арналған аппаратура "93 ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ОҚ-ДӘРIЛЕР; ОЛАРДЫҢ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ 30" деген жол: мынадай редакцияда жазылсын: "93 КАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ОҚ-ДӘРIЛЕР, ОЛАРДЫҢ БӨЛШЕКТЕРI МЕН КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ 20"; 2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 852 қаулысына: 2-тармақтағы: "1999 жылдың 1 қазанынан және 2000 жылдың 31 наурызы аралығында қолданыста болады" деген сөздер "2000 жылдың 1 сәуiрінен және 2000 жылдың 30 қыркүйегiне дейiн қолданыста болады" деген сөздермен ауыстырылсын". 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі сыртқы сауда қызметiн реттеуде Қазақстан тарапынан қабылданатын шаралар туралы бiр ай мерзiмде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiк Республикасының Интеграциялық комитетін хабардар етсiн. 3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 сәуiрiнен қолданысқа енгiзiлетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда жарияланғаннан кейiн отыз күннен соң күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |