Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері оқушыларының
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2004 жылғы 20 қарашадағы № 953 бұйрығымен күші жойылды
1999-2000 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептері оқушыларының бітірту және сыныптан сыныпқа көшіру емтихандарын өткізу мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері оқушыларының бітіру және қорытынды аттестациялау, сыныптан-сыныпқа көшіру тәртібі жөніндегі нұсқаулық" бекітілсін. 2. Бітіруші сыныптардың оқушыларын қорытынды аттестациядан өткізу және оқу жылын аяқтау мына тәртіпте белгіленсін: 1) Барлық үлгідегі күндізгі және кешкі (кезекті) жалпы білім беретін оқу орындарындағы 1-11 (12) сыныптарда оқу сабақтары 2000 жылдың 25 мамырында аяқталсын. 2) 9-сынып оқушыларын негізгі мектеп курсы бойынша қорытынды аттестациялау 2000 жылғы 30 мамырдан бастап 12 маусымға дейін, 11-сынып оқушыларын орта мектеп курсы бойынша - 2000 жылғы 1-16 маусым күндерінде өткізіледі. 3) 9-сынып бітірушілері негізгі мектеп курсы бойынша үш міндетті емтихан тапсырады; а) ана тілі мен әдебиеттен жазбаша емтиханы (мектептегі оқыту тілі) - 31 мамырда; Гуманитарлық пәндерді (гимназиялар мен лицейлер) тереңдете оқытатын мектептердің оқушылары шығарма, қалғандары диктант жазады. б) математикадан жазбаша емтиханы (алгебра мен геометрия) - 5 маусымда; в) орыс тілінде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілден ауызша емтиханы - 8 маусымда; г) тәжік, ұйғыр, өзбек, қазақ мектептерінде орыс тілінен ауызша емтиханы - 8 маусымда. 4) Күндізгі және кешкі (кезекті) орта мектептерінің 11 (12) сынып бітірушелері үш міндетті емтихандарды мына мерзімдерде тапсырады: а) ана тілі мен әдебиеттен жазбаша емтиханы (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде (кешкі жалпы білім беретін мектептерде-диктант)- 1 маусымда; б) математикадан жазбаша емтиханы күндізгі жалпы білім беретін мектептері үшін - 5 маусымда; в) орыс тілінен жазбаша емтиханы ұлттық тілдерде оқытатын мектептерде - 7 маусымда; г) мемлекеттік тілде ауызша емтихан орыс тілінде оқытатын мектептерде - 10 маусымда. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|