|
|
|
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 10-баптың он үшінші абзацындағы «резервтік қорынан» деген сөздер «резервінен» деген сөзбен ауыстырылсын; 11-баптың екінші бөлігінің сегізінші абзацындағы «резервтік қорынан» деген сөздер «резервінен» деген сөзбен ауыстырылсын; 13-бапта: екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды;»; он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «- бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады;»; 29-бап алып тасталсын. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |