Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабының 4-тармағын ресми Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрамында Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А.Н.Котловтың, филология ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің доценті, маман М.Б.Нұртазинаның қатысуымен, өзінің ашық отырысында Республика Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтінішін қарады. Конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп шығып, баяндамашы Ж.Д.Бұсырмановтың хабарын, өтініш субъектісі өкілінің және маманның сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 10 мамырда Республика Премьер-Министрінің, Республика Конституциясы 5-бабының 4-тармағын "саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді" делінетін бөлігінде ресми түсіндіру жөніндегі өтініші келіп түсті. Бұл орайда өтініш субъектісі мына сұраққа жауап беруді сұрайды: Конституцияның осы келтірілген нормасының заңи мазмұны тек ақшалай қаражат алуға тыйым салынады дегенді ғана ма, немесе кез-келген өзге де материалдық көмекті (мүлік, жабдық, заттай көмек, мүліктік құқық, саяси партиялар мен кәсіптік одақтарға көрсетілген қызметтердің төлемі және т.б.) алуға да сондай-ақ тыйым салынады дегенді білдіре ме? Республика Конституциясының, қолданылып жүрген заңдардың нормаларын, сондай-ақ қолда бар материалдарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескерді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|